Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 510 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 30 мамырдағы
№ 510 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасында:
Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасына 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.